- Advertisement -spot_img
HomeМолекулаМолекула тақырыбына глоссарий

Молекула тақырыбына глоссарий

- Advertisement -spot_img

Глоссарий 

Жасуша циклы (Митоздық цикл) – жасушаның пайда болуы, өсуі, атқаратын қызыметтеріне икемделуі және әрі қарай бөлінуі кезеңдерінде байқалатын құбылыстардың жиынтығы.

G1 (Gap-1) – пересинтетикалық кезең – жаңадан пайда болған жасушалардың өсуі, ДНҚ молекуласының синтезделуіне дайындалу кезеңі.

G0-кезеңі – белгілі бір себептермен бөлінуін тоқтатқан, митоздық циклдан шықан, жасушалар.

Рестрикция —  ДНҚ молекуласының үлкенді-кішілі үзінділерге кесілуі

S-синтетикалық кезең – ядрода ДНҚ молекуласы синтезделінеді, цитоплазмада органеллалар, оның ішінде центриолялар, көбейеді.

G2 (Gap-2) – жасуша бөлінуге дайындалады, яғни миоздың қалыпты жүруі үшін қажет барлық ақуыздар, оның ішінде бөліну жіпшесін қалыптастыратын тубулин синтезделінеді.

М-митоз – жасушаның бөліну кезеңі, ол 4 фазадан тұрады олар: профаза, метафаза, анафаза, телофаза.

Профаза – жасуша ядросының хромотин жипшесі ширатылып, тығыздалып жуандап, микроскоп арқылы көруге болатындай, жіпше тәрізді құрылымдарға-митоздық хромосомаларға, конденсацияланады.

Метафаза – митоздық хромосомалардың конденсациялануы ең жоғарғы шегіне жетеді және олар бөлінуші жасушаның экваторлық жазықтығына шоғырланады.

Анафаза – хромотидалар конденсацияланған күйде болып, бір-бірінен байланысын толық үзіп, бөлінуші жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай тартыла бастайды.

Телофаза – жасуша полюстеріне қарай жылжып қозғалушы хромосома жиынтығы.

Цитокинез – телофазаның аяғында болады яғни цитоплазма екіге бөлінеді, ақырында екі жаңа жасуша бөлінеді.

Циклин тәуелді киназалар(ЦТК) – жасуша циклінің қалыпты жүріуін реттейтінт ферменттер. 

Протеинкиназалар – ақуыз молекуласында серин, трионин не тирозин қалдықтарын фосфорлап, қызметтік белсенділігін реттейтін ферменттер.

Протеинкиназа А (ПК-А) – циклдық АМФ қатынасуымен сигналдың берілу жолында активтенетін протеинкиназа.

Протеинкиназа G (ПК-G) – циклдық ГМФ қатынасуымен сигналдың берілу жолында активтенетін протеинкиназа.

Протеинкиназа C (ПК-C) – диацилглицерин және инозиттрифосфаттың қатынасуымен сигналдың берілу жолында активтенетін протеинкиназа.

Анафазаны қалыптастырушы фактор (АҚФ) – циклин В-ны ыдыратуға қатынасатын фермент.

Циклиндер (Ц) – жасуша циклының әртүрлі кезеңдерінде синтезделіп оның бір қалыпты жүруін реттейтін реттеуші ақуыздар, олар өз беттерінше белсенді болмайды, тек циклин тәуелді киназалармен қосылып кешен күйінде ғана активтенеді.

Тирозин-протеинкиназа – ақуыз молекуласының тирозин аминқышқылы қалдығына фосфат тобын жалғап фосфорлайтын фермент.

Интегриндер – әркелкі екі бөлшектерден тұратын адгезивтік ақуыз.

р53ақуызы – жасуша бөлінуін тоқтатып гендерді активтендіреді.

Фосфорлану – ақуыз молекуласының белгілі бір аминқышқылдары қалдықтарына фосфат тобының жалғануы.

Фосфорсыздану – ақуыз молекуласының белгілі біраминқышқылдары қалдықтарынан фосфат тобының алынып тасталуын катализдейтін фермент.

Митоз – жасуша циклынның ең күрделі және қиын кезеңі болып табылады.

Митоз стимулдаушы фактор (МСФ) – жасуша циклының митозға енуін және оның қалыпты жүруін қадағалайтын циклин В-ЦТК-1 кешені.

Конденсин – хроматиннің конденсацияланып, митоздық хромосомаларға айналуын қамтамасыз ететін ақуыз.

Кариомералар – қабықпен қаптасқан жеке хромосомалар.

Репарация – ДНҚ молекулвсының бұзылған құрылымдарының қалпына келуі.

Когезин –

Апоптоз – жасушаның өз тіршілігін өзі жойуы, грекше «жапырақтардың түсуі» деген мағынаны береді.

Некроз – жасуша бұзылыстары өте күшті, өте ауқымды болған жағдайда, ол өзін-өзі басқара алмай өлуін айтамыз.

Ретинобластома – көздің торлы қабағының қатерлі ісігі.

Каспазалар – апоптоздың ең маңызды қаруларының бірі болып ерекше цитоплазмалық протеазалар саналады.

Серин, трионин – ақуыз молекуласының серин не трионин аминқышқылдарын фосфорлайтын фермент.

Протеазалар – ақуыздар молекуласын ыдырататын ферменттер.

Трансмембраналық потенциал – иондық арналар қызметі нәтижесінде плазмолема бетінде және жасуша ішінде иондар концентрациясының әртүрлі болуы салдарыннан қалыптасатын құбылыс.

Онкогенез – ісіктің пайда болу үдерісі. Ол көпшілік жағдайда адамдардың еі зілді ауруларының бірі – ісік (рак) ауруларының дамуына алып келеді.

Карциномалар – эпителий ұлпасының ісіктері.

Сакромалар – дәнекер ұлпасының ісіктері.

Лимфомалар – лимфа ұлпасының ісіктері.

Папова-вирусы – геномы сақиналанған қостізбекті ДНҚ болып табылады және ол зақымдалған жасуша хромосомасымен қосылмай ақ, өзбетінше дербес қызымет ете алады.

Ретровирустар – бұлардың геномында РНҚ-ның  (+) тізбегі болады, олар қызмет ету үшін қожайын хромосомасымен қосылуы қажет.

Кері транскрипция – РНҚ-ның (+) тізбегін матрица ретінде пайдаланып ДНҚ-ның (-) тізбегінің синтезделуі.

Протоонкогендер – жасушаның қалыпты гендері. Олар жасуша тіршілігінде маңызды қызметтер атқарады, бірақ қызметтерінің өзгеруі не бақылаусыз, беталды, экспрессиялануы нәтижесінде қауыпты онкогендерге айналады.

Инсерция – геномның көшіп жүретін, қозғалғыш, қысқа ДНҚ-үзінділері.

Супрессорлар (ингибиторлар) – бір аллельді емес геннің әрекетін бастырмалайтын ген.

Блюм синдромы – түрліше клиникалық көрністер байқалатын аутосомды-рецессивті ауру.

Атаксия телеангиоэктазия синдромы – аутосомды рецессивті ауру. 

Барлық рахметтер мен лебіздеріңіз Нұрбек Нұрдаулетке!

Все благодарности Нурбеку Нурдаулету!

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Stay Connected
[td_block_social_counter facebook="#" manual_count_facebook="16985" manual_count_twitter="2458" twitter="#" youtube="#" manual_count_youtube="61453" style="style3 td-social-colored" f_counters_font_family="450" f_network_font_family="450" f_network_font_weight="700" f_btn_font_family="450" f_btn_font_weight="700" tdc_css="eyJhbGwiOnsibWFyZ2luLWJvdHRvbSI6IjMwIiwiZGlzcGxheSI6IiJ9fQ=="]
Must Read
- Advertisement -spot_img
Related News
- Advertisement -spot_img