- Advertisement -spot_img
HomeПатологиялық анатомияӨспелер Дәрістік кешен

Өспелер Дәрістік кешен

- Advertisement -spot_img

ДӘРІСТІК КЕШЕН

Патологиялық физиология бойынша  PF– 1 2211

Мамандығы  051301 «Жалпы медицина»

Тақырыбы: Өспелер -1.

Сағат саны: 1 с

Курс — 2

Семестр  — 4

 1.Тақырыбы: Өспелер -1

2.Мақсаты: Студенттерді өспелік өсудің этиологиясымен, даму жолдарының, тетіктерімен таныстыру.

3.Дәріс тезистері:

  • Өспе жасушалық элементтердің пісіп-жетілуінсіз шексіз өсіп-өнуімен сипатталатын біртектес дерттік үрдіс. Ол зақымдалған ағзалардың жалпы құрылымы мен және қызметтерімен байланысты емес, тіндердің реттеуге келмейтін, шексіз өсуімен сипатталады. Өспелік өсу — жергілікті, автономды, реттеуге келмейтін тіндік өсу. Қатерлі өзгерген  жасушалар өздерінің қасиеттерін сақтайды да ұрпақтарға береді.
  • Канцерогенез (онкогенез) – реттеуші ықпалдардың бұзылуымен және шексіз өспелік өсуімен байланысты жағдай. Онкогенездің маңызды ықпалдарына жатады: 1) химиялық канцерогендер (шамамен обырдың 80-90 %); 2) физикалық; 3) онкогендік вирустар. Өспелік өсудің жалпы патогенезінде бірнеше сатыларды ажыратады:
  1. Инициация – қалыпты жасушаның өспелік жасушаға айналуы (трансформациясы). Инициацияның мәні: жасушалар көбеюін реттейтін бір геннің түрлі канцерогендердің әсерінен мутациясы (онкогендердің белсенуі, яғни протоонкогеннің онкогенге айналуы; ген-супрессорлардың бейтарапталуы, апоптозды реттейтін гендердің зақымдалуы, репарация гендерінің зақымдалуы).

Протоонкогендер – пролиферацияны ынталандыратын гендер. Протоонкогендердің онкогендерге айналу механизмі: протоонкогеннің нүктелік мутациясы, протоонкогендердің транслокациясы, протоонкогеннің амплификациясы – әдетте белсенділігі айқын емес протоонкогендердің санының өсуі, промотордың, яғни жанында орналасқан бөлігінің енуі (қосылуы).

  1. Промоция (белсену) өспелік жасушалардың көбеюімен байланысты.
  2. Өспелік прогрессия – өспенің өсуі барысында өспенің сапалық өзгерістері малигнизацияға қарай бағытталады, өспелік жасушалардың метастазалануы байқалады. Метастазалану – өспенің бөлек жасушаларының басқа ағзаларға тасымалдануы және онда гистологиялық құрылысы дәл сондай екіншілікті өспелік түйіндердің дамуы. Өспелік жасушалардың метастазалану жолдары: лимфогендік, гематогендік, гематолимфогендік, «қуыстық», имплантациялық.

Метастазаланудың лимфогендік және гематогендік жолдардың сатылары: 1. Инвазия сатысы – қан немесе лимфа тамырларының кемерінен солардың қуысына өспелік жасушалардың өтуі. 2. Жасушалық эмболия сатысы – өспелік жасушалардың тамырлар бойымен тасымалдануы және жасушалық эмболдардың пайда болуы. 3. Өспелік жасушалардың қалыпты тінге енуі сатысы, олардың көбеюі және жаңа өспелік түйіндердің пайда болуы.

6.Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Өспелереге тән алғашқы, түбегейлі белгіні атаңыз.
  2. Онкогендер дегеніміз не?
  3. Онкоақуыздар қандай қызметтерді атқарады?
  4. Өспенің өсуі барысында өспенің қатерлілігінің күшеюі қалай аталады?
- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Stay Connected
[td_block_social_counter facebook="#" manual_count_facebook="16985" manual_count_twitter="2458" twitter="#" youtube="#" manual_count_youtube="61453" style="style3 td-social-colored" f_counters_font_family="450" f_network_font_family="450" f_network_font_weight="700" f_btn_font_family="450" f_btn_font_weight="700" tdc_css="eyJhbGwiOnsibWFyZ2luLWJvdHRvbSI6IjMwIiwiZGlzcGxheSI6IiJ9fQ=="]
Must Read
- Advertisement -spot_img
Related News
- Advertisement -spot_img