- Advertisement -spot_img
HomeБалалар хирургиясыБалалардағы лимфаденит және аденофлегмона

Балалардағы лимфаденит және аденофлегмона

- Advertisement -spot_img

Лимфаденит және аденофлегмона

Лимфаденит, аденофлегмона ауруы — бездiң және бездiң маңындағы тіннің қабынатын аурулары. Лимфаденит — ол лимфа бездерiнiң қабынуы, ал аденофлегмона — бездiң iрiңдеп қабынуының без деңгейiнен шығып кеткендегі үрдісті айтады. Ауру, бездердiң iсiнiп, науқас адамның жалпы жағдайының нашарлап, әлсiзденiп, дене қызуының 39-40 С дейiн көтерiлiп, қан тамырлары жиi соғып, тамаққа тәбетi нашарлап, басы ауырып, ұйқысы қашуымен байқалады. Сырқаттанған балалардың 1/3-де дене қызуы көтерiл-меуi де мүмкiн. Бездердiң қабынған ауданында алғашында терiнiң түсi өзгермейдi, кейiннен ол бiлеуленiп iсiнiп, қызара бастайды, қолмен ұстағанда қызуы бiлiнедi, ауырсыну сезiмi қаттырақ қозады.

Бездiң көлемi үлкейiп, iрiң оның шеңберiнен аса шықса, үрдістің аденофлегмонаға ауысқаны. Ол кезде қызарумен қатар флюктуацияны да айқындауға болады.

лимфаденит қазақша

Лимфадениттiң диагнозын қоюға қандағы лейкоцитоз, солға қарай жылжыған лейкоформула, көбейген эритроциттердің тұну жылдамдығының артуы көмегiн тигiзедi.

Алғашқы инфильтратты стадиясында консервативтiк тәсiлдер-мен емдеу жүргiзiледi. Ол үшiн жылу процедуралары, антибиотик араластырылған 1/4% новокаинмен блокада жасау, УВЧ, УФО қолданылады.

Егер айтылған емдеу өз көмегiн бермесе, бездiң үстi кесiлiп, iшiндегi iрiң шығарылады. Iрiң шыққан соң жараға резинадан дренаж қойылып, гипертониялық ерiтiндiлермен таңылады. Ертеңiнде УВЧ, УФО тәсiлдерi қайта жасалынады. Iрiң азайғанда майлы дәрiлермен таңуға көшуге болады.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Stay Connected
16,985FansLike
2,458FollowersFollow
61,453SubscribersSubscribe
Must Read
- Advertisement -spot_img
Related News
- Advertisement -spot_img