- Advertisement -spot_img
HomeГастроэнтерологияРефлюкс-гастрит

Рефлюкс-гастрит

- Advertisement -spot_img

Асқазан тұқылына өт қышқылдарының өтуінен және панкреатикалық сөл он екі елі ішекте тұрып қалғандықтан дамиды. Бұл заттар кілегейлі- – бикарбонатты қорғанысты бұзады, асқазанның кілегей қабатын зақымдап, рефлюкс-гастритті шақырады.

Бұған дуоденогастралды рефлюкстің себебі болып Бильрот-II және Бильрот-I бойынша асқазан резекциясы, сирек пилоропластикамен ваготомия және гастроэнтеростомия болып табылады.

Клиникалық көрінісі. Эпигастрий аймағының ауру сезімі, жиі тағам қабылдағаннан кейін күшейеді, антацидтермен басылмайды. Жиі құсу жеңілдік алып келмейді. Аурудың өршуіне байланысты гипо- және ахлоргидрия, анемия, арықтау дамиды. Өт пен асқазан кілегей қабатына әсер етсе, әсіресе, анастомоз аймағына эрозивті гастрит дамуы мүмкін. Эрозивті гастрит қан кетумен сипатталады және гипохромды анемия дамиды.

   Диагностикасы. Асқазан сөлінің анализінде тұз қышқылының базалды және стимуляциланған секрециясы төмендейді. Фиброгастроскопияда асқазанда өт сөлінің көп мөлшерде болуы, кілегей қабатының ісінуі, гиперемиясы мен қанағыштығы анықталады.

Емі. Консервативті ем жүргізіледі. Холестирамин сукральфат, антацидті препараттар-– қосылымында гидроксит магний және алюминий қосылыстары, асқазан мен он екі елі ішек моторикасын қалыптастыратын заттар (координакс, метоклопромид) қолданылады.

Консервативті ем нәтижесіз болса, хирургиялық ем қолданылады. Ру бойынша гастроеюналды анастомоз, яғни, реконструктивті операция жасалады. Жіңішке ішектің алып кетуші ілмегінің ұзындығы 40 см-ден қысқа болуы керек.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Stay Connected
16,985FansLike
2,458FollowersFollow
61,453SubscribersSubscribe
Must Read
- Advertisement -spot_img
Related News
- Advertisement -spot_img